Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің мерейі
Общество   19.06.2020   90
Еліміз өз тәуелсіздігін алған 30 жылға тарта уақыт ішінде Елбасының бастамасымен жаңа мемлекеттің құрылымдарын қалыптастыру, мемлекеттің барлық буындарының әлемдік даму талаптарына сай икемді жұмыс істеу қабілетін үздіксіз жетілдіру бойынша атқарылған ауқымды істердің нәтижесінде, қысқа ғана уақыт ішінде еліміз қарқынды дамушы мемлекет ретінде қалыптасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы сабақтастықты сақтап, қолымыз жеткен барлық жетістіктерді одан әрі дамыту жолындағы берік ұстанымы еліміздің тұрақты алға басуына зор серпін берді. Осы тұрғыда еліміздегі барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер өз рөлдерін сәулелендіріп, ортақ дамуымызға үлес қосып келеді.